Ректор

0O9A0807

Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы 1969 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Тасқала ауылында қарапайым ауыл мұғалімдер отбасында дүниеге келген.
1985 жылы Белоглин орта мектебін бітіріп, сол жылы Орал ауылшаруашылық техникумына оқуға түсті.1989 жылы техникумды үздік бітіреді. 1989 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына “Аграномия” мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы аталған оқу орнына гроэколог жоғары кәсіби біліктілігі бойынша үздік аяқтайды. 1994 жылы Жалпы ресейлік ҒЗИ-дың тыңайтқыш және агротопырақтану бөлімінің күндізгі аспирантурасына түсіп, аспирантураны сәтті аяқтап, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алып шығады.1998 жылы аспирантураны тәмамдап, туған жері Орал қаласына оралады. 1998 жылы тамызда еңбек жолын Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде аға оқытушылықтан бастап, кейін кафедра меңгерушісі, агробизнес және экология факультетінің деканының орынбасары, ғылыми зерттеу институтының директоры, университеттің Ғылыми ісі жөніндегі проректоры сынды қызметтерді атқарды. 2014-2017 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агратехникалық университетінің ректоры болып қызмет етті.
Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы биология бағытындағы 150-ден астам ғылыми мақалалардың, сондай-ақ микробиология, ихтиология, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша 5 патенттің авторы.
2015 жылы Қазақстанда бекіре балығының өндеу мен өндірудің ғылыми-техникалық негіздері және инфрақұрылымын құру бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы төмендегідей мемлекеттік марапаттар, құрметті атақтар мен көтермелеулерге ие:
2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталған;
2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министерлігінің “Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында жеткен жетістігі және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін” Құрмет грамотасымен марапатталған;
2007 жылы “ЖОО үздік оқытушысы” мемлекеттік грантының иегері;
2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министерлігінің “Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері”, ал 2010 жылы “Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталған;
2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі, білім жүйесін жетілдіруді дамытуға және көп жылдық еңбегі үшін”алғыс хатымен марапатталған;
2015 жылы “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл” мерейтойлық медалімен, сондай-ақ осы жылы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатын және өзіндік ұстанымы бар азамат. Ол облыстық маслихаттың депутаты, “НұрОтан” партиясының мүшесі, аң аулау және балық шараушылығы алқаптарын табиғатты пайдаланушыларға бекіту мемлекеттік комиссиясының мүшесі, сондай-ақ “НұрОртан” партиясының аграрлық сұрақтар бойынша тұрақты төрағасы, “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жобасын жүзеге асырумен орындалуы бойынша БҚО эксперттік комиссиясының төрағасы; БҚО бойынша субсидияларды бөлу бойынша мемлекеттік комиссиясының мүшесі, облыстық бюджет негізінде ЖОО-ға гранттарды бөлу комиссиясының мүшесі, сонымен қатар Оралқаласы №7 жалпы орта мектебінің Қамқорлық Кеңесінің мүшесі және “Облыстық клиникалық аурухананың” шаруашылық Бақылау кеңесінің мүшесі сынды қоғамдық жұмыстарды атқарады.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 баланың әкесі

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ