Баспасөз қызметі

БҚМУ баспасөз қызметі Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі және қалалық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын ЖОО-дағы шаралар және ұжымдағы жетістіктер жөніндегі ақпаратпен жан-жақты қамтамасыз етеді;

Университеттің баспасөз қызметі және ІТ-орталық оқу жылы бойына БАҚ-қа үлкен көлемдегі ақпараттық-сараптамалық, имидждік және басқа да материалдарды даярлап, жариялауды қамтамасыз етті. Жыл бойына 36 жаңалық блоктары шығарылады. Оның барлығы БҚМУ сайтында (wksu.kz ) және ютуб каналында жарияланады. Оқу жылы барысында ЖОО қызметі БАҚ-та жүйелі түрде жарияланып тұрды:

- Республикалық баспасөз беттерінде («Егемен Қазақстан»,

«Казахстанская правда», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Үшқоңыр» республикалық газеттерінде, «Ұстаз», «Ақжайық.kz», «Современное образование» журналдарында жәнет.б.), республикалық телеарналарда («Қазақстан» ҚАЗРТРК, «Хабар», «24.kz.), 42 (қазақ, орыс тілдерінде) жарияланымдар/бағдарламалар;

- Облыстық БАҚ-та («Орал өңірі», «Жайық үні», «Пульс города»

қоғамдық-саяси газеттерінде, «Қазақстан-Орал» облыстық телеарнасында, «ТДК – 42» қалалық телеарнасында жарияланымдар/бағдарламалар;

- «Өркен» университеттік студенттік газеті – 10 шығарылым.

Баспасөз қызметі сайттың «Біз туралы» парақшасына жетекшілік етеді. Оқу жылы барысында баспасөз қызметі талапкерлер үшін республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жарнамалық материалдар жариялайды. «Мәңгілік ел» - «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарнамалық материалдар Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы баспасөз беттерінде жарияланады.


 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ