Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

akhmedenov

Жетекшісі: Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, география ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: қ. Орал,  Достык-Дружбы даңғылы, 162 ,208 каб
Телефон: 8(7112) 50-34-77
Факс: 8(7112)
Міндеті: Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жоғары оқу орнының сапалы білімін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми білім мен өндірісті біріктіру негізінде үздіксіз дамыту.
Мақсаттар: Экономиканы әртараптандыруға және елдің тұрақты дамуына ғылымның қосқан үлесін арттыру
Негізгі қызмет түрлері:
    1. Университеттегі  профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін тиімді орындау және ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыру үшін  қажетті жағдайларды жасау арқылы ғылыми-зерттеу қызметін дамыту саясатын жетілдіру.
    2. Философия докторларын (PhD), республикалық және шетелде, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқу ғылыми тағылымдамадан өту, университет мамандықтары бойынша магистрлер дайындау негізінде ғылыми әлеуетті дамыту.
3. Гранттық, бағдарламалық-нысаналы, шаруашылық келісім және ішкі университеттік жобалар негізінде педагогикалық, физика-математикалық, биологиялық, тарихи, химиялық, географиялық, филологиялық, экономикалық, техникалық ғылыми бағыттары бойынша, еліміздің басым мемлекеттік бағдарламалары мен университеттің стратегиялық құжаттарына сәйкес фундаменталды (іргелі), қолданбалы, инновациялық, іздестіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру.
    4. Университет ғалымдары мен ғылыми-зерттеу бөлімдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми-техникалық базаны жаңарту және кеңейту.
5. Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және әлеуметтік серіктестерімен, көршілес аймақтармен пәрменді ынтымақтастық жүргізу арқылы тәжірибеге дипломдық жұмыстарды және магистрлік диссертациялардың нәтижелерін, сондай-ақ,  стартап жобалары  түріндегі нәтижелерді рәсімдеуді енгізу.
6. Өзекті жобаларды жүзеге асыру және гранттық, салалық министрліктегі  бағдарламалық-нысаналы байқауларға,  шаруашылық жүргізуші субъектілердің тендеріне, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу, қатысу негізіне, сондай-ақ, ғылымды дамыту,  бизнес-ортаны тарту арқылы, бірлесіп қаржыландыру тетіктерін кеңейту жолымен ғылыми зерттеулерді  іске асыруға тартылған қаржы құралдарының көлемін ұлғайту.  
7. Мақалалар, монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар түріндегі университеттегі профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметі нәтижелерін рәсімдеу бойынша жұмысты  күшейту  және оларды оқу үрдісінде пайдалану.  
9. Әлемдік ғылыми кеңістікке біріктіру үшін импакт-фактор халықаралық рейтингтік ғылыми басылымдарда университет ғалымдары мен қызметкерлерінің (оқытушыларының) жарияланымдар санының өсуін қамтамасыз ету.
10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ғалымдардың авторлық құқық объектілері мен патент құқықтарын мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктерді алу негізінде университет ғалымдары мен қызметкерлерінің (оқытушыларының) ғылыми жобаларының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау.
11. Университет қызметкерлері мен ғалымдарының кәсіпкерлік сауаттылықты дамыту арқылы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, өндірісте шаруашылық келісім-шарт жобаларының нәтижелерін енгізу, лицинзиялық келісім-шарттар және өнім негізінде кәсіпорындар мен мекемелерде ғылыми-технологиялық жобаларды беру және сату, сондай-ақ стартап жобаларын жүзеге асыру.
12. Оқу үрдісінде ғылыми-ізденіс және зерттеу сипатындағы  тапсырмаларды белсенді пайдалану, студенттік ғылыми бірлестіктерді тиімді ұйымдастыру, гранттық, бағдарламалық-нысаналы, шаруашылық келісім және ішкі университетаралық жобалар шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындауға тарту, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-шығармашылық олимпиадаларға, байқауларға, конференцияларға, форумдарға, съездерге және т. б. қатысуды қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту.
13. Университеттің ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру және ынталандыру жүйесін дамыту мақсатында профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің  тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын және ғылыми-зерттеу нәтижелілігінің рейтингісін жасау және жүйелі негізде мониторинг жүргізу. 
Құрылымы (бөлімдері немесе қызметкерлері):
        1. Коммерцияландыру кеңсесі
        2. Ғылым және халықаралық қатынастар кафедрасы
        3. Экологиялық биогеохимия сынау зертханасы
        4. Ғылыми кітапхана
        5. Редакциялық-баспа орталығы

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ