Бастауыш Кәсіподақ ұйымы

Фото Сулейменов МК mini

Бастауыш Кәсіподақ ұйымының төрағасы - Сулейменов Мерген Қуанышұлы

Мекен-жайы: Студенттік көшесі 1, 401 каб.

Телефон: 8 (711-2) 26-05-46

Ұялы тел.: 8-707-122-10-15

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы» Заңдарына және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жарғысы мен кәсіподақтың бастауыш ұйымы туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Кәсіподақ жұмысы өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқылығы және белсенділігі бағытындағы қағидаларға негізделеді. Кәсіподақ қызметі ашық негізде жүзеге асырылады, қызметкерлердің еңбек жағдайын анықтауға қатысу, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - кәсіподақтың негізгі міндеті болып табылады. Олардың қатарында, еңбекті нормалау, еңбекақы төлеу шарттарын анықтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында ұжымдық келісім-шарт жасау, қазметкерлердің еңбек жағдайын анықтау мәселелері бойынша жұмыс берушінің актілерін қабылдау үдерісіне қатысу, еңбек дауларын (келіспеушіліктерді) Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес шешуге қатысу, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстарын, сұрақтарын қарастыру, оларға құқықтық, материалдық және басқа да қаржылық көмек көрсету болып табылады.

Кәсіподақ өз мүшелерінің құқықтық мәртебесін, қызмет бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, ғылым мен тәжірибедегі жетістіктерін, ескеріп азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеу негізінде тұлғаның кәсіби тұрғыда қалыптасуын өз міндетіне алады. Осы мәселеде, кәсіптік одаққа бірігуге негіз болатын кәсіби мүдделілік қағидасы басшылыққа алына отырып, кәсіподақ университетіміздің деңгейінде өткізілетін басым көпшілік іс-шараларға жігерлі түрде қатысады.

Ұйымның кәсіподақ комитеті, мүшелерімен қатар, басқа да қызметкерлердің әлеуметтік-кәсіби мүдделерін көздейді және жұмыс беруші алдында білдіреді. Кәсіподақ, Еңбек кодексінің 19 және 20-баптарына сәйкес, өз өкілеттіліктері шегінде қызмет атқаратын еңбек құқығының субъектісі, өкілді орган болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің атқарушы органы ретінде кәсіподақ комитеті Университеттің оқу үдерісі, ғылыми- өндірістік қызметі және әлеуметтік саясатының жалпы мақсаттарын жүзеге асыру үшін өз жауапкершілігін мойындайды. Сондай-ақ, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамсыз етуде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі нормаларының, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен регламенттердің сақталуына, ұжым мүшелерінің шығармашылық белсенділігі мен еңбек тиімділігін арттыруына ықпал етеді.

 

Ұжымдық келісім шарты

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ