Құрметті жұмыс берушілер!

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Мансап орталығы Сіздерге білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер,  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары,  техникалық ғылымдар және технологиялар,  қызмет көрсету саласындығы жоғары білікті мамандарды таңдап береді. 


Біздің түлектер жайлы ақпараттық қорымыз кадрларды іріктеу процесін Сіз үшін жеңілдетіп тездетеді және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың кәсіби байланыстарды жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Біз жұмыс берушілерге келесі қызметтерді көрсетеміз: 
•    университеттің ақпараттық орталықтарында Сіздердің кәсіпорындарыңыздағы бос жұмыс орындар жайлы хабарландыруларыңызды құру және орналастыру; 
•    жұмыс берушілердің орнатқан критерийлері бойынша бос орындарға үміткерлерді таңдау; 
•    үш жақты келісім-шарттарды рәсімдеу, мамандарды дайындау; 
•    түлектердің «Мансап күнін» ұйымдастыру және өткізу арқылы Сіздер бос жұмыс орындарға үміткерлерді таңдай аласыз; 
•    университет түлектерімен кездесулер өткізу. 


Біздің жұмыс істеу принциптеріміз: 
•    көрсетілетін қызметтің сапа кепілдігі; 
•    ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттары; 
•    серіктестік келісімге ұқыпты және жауапты қарау; 
•    бірлескен қызметті іске асырудағы ашықтық пен шынайылық; 
•    екі жақты қарым-қатынасты дамыту.