Қымбатты түлектер!

Түлектер қауымдастығы студенттік кездеріндегі қызықты күндерін бірге өткізген студенттерді біріктіреді. Студенттік кезде жақсы таныса алмасаңыздар да, бүгін танысудың орайы келіп-ақ тұр. 

 

Кездесу – бұл өткенді тек тамсана еске алу ғана емес, бүгінгі таңда көптеген профессор-оқытушылар құрамы жоғары нәтижелі табыстар мен жетістктерге жетіп жүрген университетіңізге көмектесу.

 

Бұл ақпараттық мәлімет БҚМУ-да білім алған түлектерге арналады. Біздің университеттің түлектері Қазақстанда жетерлік. Біздің түлектердің М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дипломымен әр түрлі салаларда қызмет жасауы бізді қуантады. Біздің әрқайсысымызда туған университетіміздің рухы бар. Бұл ерекше рух бәрімізді бір үйдің баласындай тәрбиеледі. Біздің баршамызды 2008 жылдан бері университетте құрылған түлектер қауымдастығы біріктіреді. Біз Сіздермен бірге біріккен жобаларды жүзеге асыруға әрқашан да әзірміз. Бұл сайт – біздің үлкен отбасымызда, яғни университетімізде өтіп жатырған барлық шаралар туралы ақпаратты білуімізге, әрқашан да бірге болуымызға мүмкіндік береді. Біздің қарым-қатынасымыздың болашақта жақсы дәстүрге айналуына тілекшіміз.

 

Құрметті түлектер, біздің ойымызша, сіздің көмегіңізбен қосымша ресурстар табылады, ал университет әлемдік білім кеңістігінде өзінің орнын алуы үшін біздің жалпы әлеуетіміз туған БҚМУ-ға арналады. 
Назарларыңызға рахмет!