Беркімбаева Жансая, Әділгереева Нұргүл

Тарих,экономика және құқық факультетінің 3 курс студенттері

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 26.01.2015 – 06.06.2015 жж. аралығында Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өз білімімізді жетілдірдік. Бұл университетке келуіміздің себебі Батыс аймақтарының ішіндегі ең беделді, алдыңғы қатарлы университеттердің бірінде тәжірибе алмаса отырып, өз білімімізді одан әрі толықтыру болды.

   

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласына келген соң  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыс бөлімі қарсы алып, құжаттарымызды реттеуге көмектесіп, университетпен таныстырып, сол күні жатақханаға орналастырды. Жатақханадан арнайы осы бағдарлама бойынша келген студенттерге арналған, барлық жағдаймен қамтамасыз етілген бөлмеге  орналастырды.

Бірінші оқу күні университет координаторы жатақханаға  келіп, жолды көрсете отырып, тарих факультетінің оқу ғимаратымен және факультет деканы С.А.Есқалиев пен «Отан тарихы» кафедрасы оқытушыларымен, топ кураторымен және біз қатарға қабылданған топ студенттерімен таныстырды. Топ студенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, тез араласып кеттік, жаңа достар кездестірдік. Оқытушылар өздерінің методикалық әдістерімен бөлісіп, сабақты түсіндіру барысында кембридж әдісін кеңінен қолданып, көптеген әдістермен ге үйретті. Сонымен қатар, факультет ішінде болған іс-шараларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми конференцияларға қатыстық. Сабақ жүргізу барысында оқытушылар түрлі көрнекіліктермен, қосымша материалдармен сабақ тақырыптарын өте қызықты және жан-жақты етіп түсіндірді. Бұдан біз өзімізге материал жинақтауды, түсіндіру мәдениетін, қорғап шығу жолдарын жетік меңгердік. 

Университет ғимараты үлкен, бірнеше корпустардан тұрады. Тарих факультеті ғимаратының аудиториялары көп, кең, кітапханасы өте үлкен және кітап қоры мол, сонымен қатар компьютерлік және интернет кластарымен толық қамтамасыз етілген. Бұның барлығы білім алып, ізденуімізге көптеген септігін тигізді. Сабақ берген өте білікті, тәжирибиелі ұстаздар, соның ішінде кембридж әдісімен сабақтарын өткізген А.Кадыркулова мен Н.С.Аликулова өз ісінің мамандары, өте білімді оқытушылар Г.Ы.Купенова және Б.Б.Байшов сабақ берді. Емтихандарды жақсы тапсырып, оқуымызды ойдағыдай аяқтадық. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік-мемлекеттік университетіне, Академиялық ұтқырлық бөлімдеріне алғысымызды білдіреміз. Бұл бағдарлама студенттерге Қазақстан және шетел университеттері студенттерімен тәжірибие алмасып, білім алып, жан-жақты жетілуге кең мүмкіндік ашады. Бағдарлама өте тиімді, студенттерге берер жақсы жақтары өте көп.

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ