Теңізбек Еңлік, Жансейітова Гүлзира

Теңізбек Еңлік, Жансейітова Гүлзира

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 5В040900-Хореография мамандығының 3-курс студенттері:

 

Күз мезгілінің алғашқы күндерінің бірі болатын. Таң шуағымен біздің Орал қаласындағы сапарымыз басталып кетті. Біз академиялық ұтқырлық бағдарламасымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 1 семестрге оқуға келген едік. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті облыстағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтың бірі болып табылады. Университет сан мың түлекті өмірлік сапарға аттандырса, соның ішінде И.Тасмағамбетов, Б.Әйтімова, Э.Габбасов, М.Қосымбаев және т.б. сынды көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің болғаны да оқу орнының мәртебесін асқақтатады. Университет табалдырығын аттағаннан-ақ өзімізді еркін сезіндік. Құдды өз университетімізде жүргендей.

Алдымен жатақханаға орналастырды. Бір бөлмеде 6 қыз болып тұрдық. Осы аймақтың қыздары екен, бізді жатсынбай, жылы қабылдап, артынан бауыр басып кеттік. Факультеттің ақ жарқын, қонақжай қауымы ортаға тез арада сіңіп кетуімізге септігін тигізді.

Сабақ кездерін мазмұнды, бос уақытымзды мәнді өткіздік десек те болады. Оқытушылардың жұмысына деген қарым-қатынасы студенттердің ынтасы, қызығушылығы мен талпынысын оятпай қоймайды. Қоғамдық жұмыстар да назардан тыс қалмай, қарқынды жүріп отырды. Оқытушы Айнұр Ұзақбайқызының жетекшілігімен Орал қалалық қариялар мен мүгедектер үйінің тұрғындарына арналған концерттік бағдарламаға қатыстық. Көңілдері көтерілген қариялардың ризашылығына ие болып, ақ батасын алып қайттық.

Кафедра оқытушылары Қарлығаш Дайырғалиқызы мен Алмагүл Батырғалиқызы естелік ретінде кәсіби тұрғыда дамуымызға көмегін тигізетін бишілік өнердің қыр-сыры татыған кітаптарды сыйға тартты. 

Зымырап өте шыққан уақытты қайта өткізсек деген сағынышқа толы көңілмен Орал қаласының тарихи ғимараттары тізілген көшелері, Жайықтың жағасын жайнатқан әсем табиғаты мен құшағын айқара ашқан бір ғасырға жуып қалған тарихы бар еңселі білім ордасына алғысымызды жаудыра, қош айтысамыз!

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ