Құрманғали Фариза Тлепкалиқызы

kyrmangali 1-minМен,  Құрманғали Фариза Тлепкалиқызы, Қазақстан Республикасы президентінің  халықаралық  «Болашак»  бағдарламасының түлегімін. Қазіргі таңда, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап М. Өтемісұлы атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің  «Филология»  факультеті, «шет тілі»  кафедрасының магистр-оқытушы қызметін атқарамын. Жалпы, мен осы есеп беруімде халықаралық «Болашақ»  бағдарламасына қалай келгенімді  айта кетуді жөн көрдім. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның білімді де талантты  жастарына  әлемнің озық,  дамыған елдерінің университеттерінде білім алуға улкен мүмкіндік беретін тамаша бағдарламаларының бірі болып табылады.

kyrmangali 2-min "Болашақ" халықаралық стипендиясы Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен құрылды. Солайша, казақ жастарына өз білімдерін шыңдауға мемлекеттер тарихында тұңғыш рет толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді. Менде бағы мен талабы қатар жанған  осы  бағдарларманың түлектерінің бірі болып табыламын.  Жалпы, мен Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі атын иемденбей тұрып, көптеген сынақтар мен қиындықтардан өттім. Университет қабырғасында оқып жүргеннен бастап, сапалы ағылшын тілі маманы болуы үшін осы шет тілін жетік меңгеру керектігін толықтай түсіне білдім. Оның бірден бір жолы ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға барып өз біліміңді шыңдау болатын. Себебі, тіл шет  уйренгін келсе сол тілде сөйлейтін ортаға барып уйрен деп көптеген лингвист ғалымдарымыз айтып кеткені баршамызға мәлім. Солайша, 2012 жылы М. Өтемісұлы атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің  шет тілі екі шет тілі бакалавры мамандығын тәмәмдаған соң, сол жылы Болашақ бағдарламасына кұжаттар жинап, емтихандарға дайындала бастадым. Осы кезде айта кетерлік маңызды жәйттәрдің бірі, осы университетте алған білімім мен  сол кездегі кафедра меңгерушісі А. Ғ. Абуханова бастаған оқытушылар қауымы мен шет елдерімен байланыс бөлімінің жетешісі Светлана Санжанқызына, сондай-ақ М. Өтемісұлы атындағы  БҚМУ-нің ректоры, академик Асхат Сәлімұлына бізге көрсеткен көмектері мен қолдауына алғысым шексіз.  

kyrmangali 3-min kyrmangali 4-min kyrmangali 5-min kyrmangali 6-min kyrmangali 7-min

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Маған өз тандауым бойынша ҰлыБритания елінде жалпы көлемі 2ж. 6 ай есебінде уақыт оқуға берілді (1ж. тіл уйрену, 1ж. академиялық оқу). Осы уақыт аралығында, мен  білім сапасын жетілдіріп қана қоймай  ой-өрісімді кеңейтіп, көптеген жағымды әсерлерлерге қанық болдым. Негізінен, алыс шетелде білім алу өзінің жақсы жақтарымен бірінші күннен бастап есімде қалды. 2013ж. Сәуір айында Лондон қаласында орналасқан ( INTO City University ) тілдік курсының алғашқы күнінде шет елдерінен келген студенттермен байланыс жасау бөлімінің жұмыстары өте жоғары деңгейде қарсы алып, барлық жағдайымызды жасап, бөтен елде жүргенімізді білдіртпеді деп айта аламын. Әуежайдан күтіп алғаннан бастап, оқу ғимаратын таныстыру, студенттер  жатақханасына апару, тіпті  Лондон қаласына қыдыртып барлық жағдайымызды жасауға тырысты. Сонымен қатар  лодон қаласын айтпағанда, оқу ғимаратының әсемдігі және тіл уйренуге арналған кітапханалардың өте жоғары денгейде дамығандығы бірден көзге түсті. Атап  айтсақ,  кітапханалардың тәулігіне 24 сағ. бойы жасауы (демалысты қоса есептегенде), әлем тілдеріндегі мол оқулықтар  қоры және  заманауи техникамен жабдықталған оқу аппараттарын айтуға болады. Ал, сабақ беру жүйесіне келсек, ағылшын тілі сабақтарының қызғылықты болуымен қатар, тілді тез меңгертуге арналған оқытушылардың әдістемелері көңілімізге қуаныш ұялатты. Алайда, тілдік курстардың академиялық оқуға қарағанда анағурлым жеңілірек екенін айта кеткенім жөн. Тілдік курсты ойдағыдай аяқтап, 2014-2015 оқу жылында Рединг қаласының университетінде (University of Reading)  «Колданбалы лингвистика» ( MA in Applied Linguistics) мамандығы бойынша магистратураға түстім.  Рединг университеті дүние жүзінде  лингвистика мамандығын оқыту жөнінде өздерінің озық әдістемесімен және профессорлық оқытушылар құрамы бойынша да әлем университетерінің ішінде алдыңғы орында. Академиялық осы бір жылында мен лингвистика мамандығының қыр сырын үйреніп, профессорлар қауымынан баға жетпес тәжірибе жинадым. Осы университеттің бір жағымды жағы студенттер мен оқытушылар қарым-қатынасы өте еркін, сыпайы болуы  және пән таңдау еркіндігі. Мен өз кезегімде, «Ағылшын тілінің жалпы грамматикасы», «Ағылшын тілі фонологиясы»,  «Екі тілді оқушыларды оқыту мәселелері», «Шет тілін оқыту принциптері»,  «Социолингвистика», «Балдырғандары ағылшын тіліне оқыту»  сияқты көптеген пәндерді оқып үйрендім. Қазіргі таңда да сол алған білімімді өз студенттеріме уйреуге барымды салып тырысып жүрмін. «Болашақ» бағдарламасының негізгі бірден бір мақсаты сол шет елінен алған білімімізді қазақ жастарының бойына сіңіру емес пе?!

Сөзімді аяқтай келе, ҰлыБритания елінде білім алып келген осы бір кезең мен үшін  табысты мансаптық өсуімнің және  кәсіптік өз-өзімді  іске асыруымның  кепілі болды. Осы табысқа себепші болған еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым ерекше! Сонымен қатар, барлық қазақ жастарына осындай тамаша мүмкіндікті пайдаланып, әлемнің озық университеттерінде білім алып, Қазақстанымыздың өркендеуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамын!!!

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ