Насипова Молдир и Тулешова Улжанай

Академиялык ұтқырлық бағдарламасы бойынша 

5В900611 «Шет тілі: екі шет тілі» мамнадығы 03301 тобының студенттері Насипова Молдир және Тулешова Улжанайдың 

есебі

Біз, Насипова Молдир және Тулешова Улжанай, 5В900611 «Шет тілі: екі шет тілі» мамнадығы 03301 тобының студенті 01.10.2013-01.03.2014 аралығында Германия, Майнц каласындағы Йоганнес Гутенберг Университетінде академиялык ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу тәжірибесін алып келдік. Осы аралыкта мекен еткен, екі мыңжылдыктан астам тарихы бар Майнц каласы - өзінің үлкен Карнавалы мен Футболный командасы (Майнц05) аркылы әлемге әйгілі. Сонымен катар көптеген тарихи ғимараттар мен мұражайларга толы. Соның бірі – біз білім алган Йоганнес Гутенберг Университеті болып табылады. Бұл университетті  Майнц епископы  Нассау Адольфом Екінші 1477 жылы калаган, қазіргі кезде "кітапбасатан құрылгыны" ойлап тапқан Й.Гутенбергтің есімімін аталуда.  Бұл университет Европадағы алдыңғы қатарлы және Германиядағы ең үздік он университеттерінің ішіне кіреді. Өзінің студенттерімен қоса бүткіл әлемнен келіп оқитын студенттердің жалпы саны шамамен 35 000 асады. Өзге ұлт өкілдері өте көп. Әрбір жетінші студент шет ел азаматы болып табылады. Университет аумағында 11 оқу ғимараттары бар, бәрі де кампус аумағында орналаскан, әрбір ғимаратта әр түрлі оқу бағыттарымен бөлінген. Кампус аумағында оқу ғимараттарынан бөлек әртүрлі кафелер, спортық кешен, студенттік жатақханалар, ботаникалық бақ және де тынығу (дем алу орындары) орналасқан. Онымен қоса Макс Планк атындағы полимерия және химия зерттеу имнституты да бар.

Майнцта оқу ақысыз түрде жүргізіледі. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу жүйесі Болон оқу жүйесімен жүргізіледі. Бұл оқу жүйесінің мақсаты – алдағы уақытта білім беру стандарттарының бірлігін табу, бұл өз кезегінде білім алу жүйесін жеңілдетіп, түлектерге бүкілхалықтық нарықта жұмыс іздеуге септігін тигізеді. Білім беру екі циклда жүреді: біріншісі – бастапқы (Бакалавр), екіншісі – магистрлық (Мастер). Европалық кредиттерді жинау және ауыстыру жүйесі (European Credit Transfer and Accumulation System – ECTS) студенттің оқу үлгерімін анықтауға көмектеседі. Әрбір сәтті тапсырылған (аяқталған, тәмәмданған) сабақ үшін студентке пункт (Credit Points) беріледі. Бір пункт (Credit Point) 25-30 жұмыс сағатына сәйкес келеді. Бұл жұмыс сағаттарына лекция – семинарларға қатысу, семинарларға дайындалу, кейін өткенді қайталау және экзаменге дайындық жатады. Экзаменнен кейін әрбір студент сәйкесінше өз бағасын алады. Семестрдегі уақыт әрбір студент бір семестрге шаққанда шамамен 30 пункт (Credit Points) алатындай есептелген. Бакалавр дипломын алу үшін (таңдаған мамандығына байланысты) студенттің 180-240 пунктісі (Credit Points) болуы керек. Оқу сәйкесінше 6-8 семестрге созылады. Ал Мастер дипломын алу үшін Бакалаврға оқыған кездегі 180-240 пункт және де осының үстіне тағы 60-120 пункт алу керек. Бұл сәйкесінше 2-4 семестр болып саналады.

Бір семестрлік оқу кезінде көптеген сабақтарға қатысып, өзіміздің білім сапамызды көтердік. Атап айтсақ ағылшын тілінде: ағылшын тілінің лингвистикасы, ағылшын тілі, мәдени ілім, мәдени ілімнің әдісі мен теориясы және ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуға кіріспе, ал неміс тілінде: фонетика және фонологияға кіріспе, семантика және прагматикаға кіріспе, синтаксис және морфология, неміс тілі. Бұл сабақтарды бізге білікті. доктор, профессор сияқты  жоғары дәрежелі. лауазымды мамандар өткізді.

Сабақтары әрдайым жүйелі әрі қызықты өтті, оқытушы міндетті түрде студенттердің ойы мен усыныстарын мұқият тындап, талқыға салады. Студенттер арасында бірлескен жұмыстар (талқылау, практикалық жұмыстар) қарқынды жүріп отырды. Барі де өзін емін-еркін сезіне алады. Оқытушылар ұйымы бізге өте қатты ұнады: ұйымшыл, жумысына адал, өте мұқият қарайтын олар, қай кезде барсан да көмектесуге дайын тұрады. Сабакка катысты сұрақтар туындаса, өздері жеке отырып тусіндіруге де бар.

Университетте мәдени шараларға көп көніл бөлінеді. Студенттердің өздері ат салысып қана қоймай солардың басшылығымен (ұйымдастырылуымен) жүреді. Яғни студенттер өздерінің уақыттарын тиімді әрі нәтижелі пайдалана алады. Одан бос уақыттарында көпшілігі жұмыс істейді. Университет аумағында өте көп студенттер жұмыс жасайды. 

Осы аралыктағы оқу кезінде біз өзімізге көптеген жаңалыктар аштық, өмірді басқа қырынан көрдік, шетелде қалай өмір кешуді, шетелдік білімнің сапасын, шетелдік оқыту жүйесін танып білдік. Соымен қатар көптеген шетлдік достар таптық. Олармен қарым-қатынасымыз әзірге дейін үзілмей жалғасып келуде.

Шет елге барып білім алу біздің бұрыннан келе жаткан арманымыз еді. Асыра сілтеп отырганымыз жок, бірак та  Халықаралық Ынтымақтастық Департаментімен бірігіп жасалган  көп жумыстардың арқасында біздің арманымыз орындалғанына біз өте катты бакыттымыз. Бізге Майнц қаласына барып оқыған  қатты  ұнады. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ректоры, академик Имангалиев Асхат Сәлімұлына, Білім беру бағдарламаларын дамыту және академиялық үеқырлық бөліміне,  Халықаралық Ынтымақтастық Департаментіне және Й.Гутенберг Университетіндегі оқуымызды уйымдастырған Барадосова Майра Бариевнаға жеке алғысымызды білдіргіміз келеді!

 

 

Насипова Молдир

 

Тулешова Улжанай

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ