Елюбаева Айдана

«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті Елюбаева Айдана:

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

London Academy of Management Sciences 2003 жылы ашылған, ақпараттық технологиялар және экономика бағдарламаларын ұсынатын жоғарғы оқу орны болып табылады.

Аталған университетте оқу қызықты өтті. Атап айтсам,  ағылшын тілі және информатика сабақтары. Бұл курстардан бізге білікті, жоғары дәрежелі мамандар дәріс оқыды. Студенттер арасында бірлескен жұмыстар (талқылау, практикалық жұмыстар) қарқынды жүріп отырды. Өзіңді емін-еркін сезінесің. Оқытушылар құрамы да бізге өте қатты ұнады: ұйымшыл, жұмысына адал, өте мұқият қарайды, қай кезде барсаң да көмектесуге дайын тұрады. Сабаққа катысты сұрақтар туындаса, жеке отырып түсіндіреді.

Университеттің өзіне тиесілі жатақханасы болмағандықтан, біз бір отбасының үйінде тұрдық. Бұл бізге тілді жаттықтыруға көп көмегін тигізді.

Оқу тәжірибемде осындай шетелдік өмірдің болғанына дән ризамын. Университет ұжымына және мемлекеттік қаржыландыру бағдарламаларына алғысымды білдіремін. Студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға шақырамын!

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ