Қапезова Дина Давлетқызы

«5В011900 - Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенті 

   

 

 

 

 

 

 Йоганнес Гутенберг университеті 1477 жылы ашылған, және Германияның 10 үздік университетінің қатарына кіреді. Университте 35 мың студент білім алуда.

Мен германистика мамандығында Einführung in die Deskriptive Sprachwissenschaft I, Inhalte und Methoden der Sprachwissenschaft, GRAM 2: Übung zur Grammatik des Deutschen, Deutsch-Sprachkurse , өзіме қосымша  American studies мамандығынан Teaching English as a Foreign Language - Strategies for effective lesson planning - Differentiated instruction & personalized learning,  Translation skills, Advanced Academic Writing I/ Essay Hauptstudium дисциплиналарын таңдадым. Сабақ жұмасына 3 рет жүргізіледі. Ал сабақтан бос уақытты кітапханадан өзіме керекті материалдарды іздестірумен өткізетінмін. 

Мен «Hehchtsheim»  жатақханасында Польшадан келген қызбен бірге тұрдым.  Бөлмеде барлық жағдай жасалған: кір жуатын бөлме, демалыс бөлмесі, кинотеатр және спорт бөлмесі бар. 

 

   

Алғашқы  жұмада біз Майнц қаласына экскурсия жүргізді. Гид барлық мәліметті неміс немесе ағылшын тілінде түсіндірді. Соңынан елге, қалаға, унивеситетке үйренісіп, өз бетімізбен жол табатын болдық. 

Жалпы Германияның Майнц университетінде білім алып, жаңа тәжірибе алғаныма өте қуаныштымын.  Алдағы уақытта осы тәжірибеммен  басқа студенттермен бөлісіп, университетімізге өз үлесімді қосамын деген ойдамын.  Біздің мемлекетімізге, университетіміздің ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиевке осындай мүмкіншілік бергеніне алғысымды білдіремін.

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ