Кусбеков Жамбыл Сисембиевич

5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенті

 

Мен 02.02.2015ж. - 24.04.2015ж. мерзім аралығында Ресей Федерациясының Калмыкия Республикасы Элиста қаласындағы Калмақ мемлекеттік университетінде білім алдым. Бұл университеттежан-жақтан келген студенттер өте көп.

Оқу орыс тілінде өтті. Бір сабақтың ұзақтығы 90 минут. білім беру деңгейі жоғары. Университетте спортқа жақсы көңіл бөлген. Теория және практика жағынан сабақ берулері жақсы.

   

 

 

 

 

 

 

Бізді жаңа жатақханаға орналастырды. Жатақханада шет елден келген студенттер жатты. Жатақхананың ішінде кітап оқитын бөлме, теннис ойнайтын және жиналыс бөлмесі бар. Жатақхананың коменданты мен кезекші апайлары бізге барынша көмектесіп отырды. Біз жатақханада көптеген достармен таныстық.

Біз Элиста да оқып жүрген кезде Кавказ елінің  «Домбай» деген курортына барып демалып келдік. Демалысымыз өте қатты ұнады. Кавказ елінің табиғаты керемет екен, көздің жауын алатын үлкен таулар бар. Сонымен қатар, «Teberdinsky» қорығына бардық, ондағы жануарлар мен құстардың түр-түрін тамашаладық. 

Мен Калмыкияда 1семестр оқып білім алдым. Білім беру жүйесі ұнады. Басқа елдерден достар таптым. Ондағы күндеріміз пайдалы әлі қызықты өтті. 

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ