Ғабдрешев Әділет

«Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті

Соңғы оқу жылымның 1-семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Башқұрт елінің УФА қаласындағы Башқұрт Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде білім алған болатынмын. Бірінші күні жатақханаға орналасып университетпен  танысуға бардым. Мені өнер факультетінің педагогы Ирма Рашидовна қарсылап алды. Барлық  ұстаздармен және мен оқитын групанны таныстырып, оқуды алғашқы бірінші күннен бастап кеттім. Өзіме ең қатты ұнаған пән - вокал. Себебі, вокал пәнінің ұстазы Лия Борисовна өз ісінің маманы, Уфа қаласына танымал педагогтардың бірі. Білім алумен қатар, университеттің іс-шараларына ат салыстым, соның ішінде жыл сайынғы өткізілетін Студенческая осень байқауының гала-концертінде өнер көрсетіп, келген қонақтарды қазақтың қара домбырасының үнін таныстырғым келді. Факультетаралық спорттық ойындар жарысына қатысып, топтық есепте 3-ші орынға ие болдық. 

gabdresh 1 gabdresh 3 gabdresh 5 gabdresh 2 gabdresh 4

Студенттік бал кешін ұйымдастырып, ректордан алғыс хат алып, магистратурада  білім алуға шақырту алдым. Уфа қаласында өткізілген әр уақыт маған үлкен сабақ болды. Киелі шаңырағым – БҚМУ-ға үлкен әсер жалынды жоспарлармен оралдым.

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ