Тиникулова Жанар

8М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының

1 курс студенті Тиникулова Жанардың

ЕСЕБІ

 

      Мен, Тиникулова Жанар Нұрлыбекқызы 1995 жылы  6 қаңтарда  Түрікменстан Республикасы, Ташауыз облысы, Турікменбашы ауданы, Байрам - Таған колхозында дүниеге келдім. 2002 жылы 1-сыныпты сол жерде оқыдым. 2003  жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына отбасымызбен көшіп келдік. 11-сыныпты Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектепте бітіріп,  Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Қазір осы университетте филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқып жатырмын. Кураторымыз білікті ұстаз доцент Ұлдай Рысқалиқызы. Бізге көптеген білімді оқытушылар білім береді. Мысалы, Тіл біліміне кіріспе пәнінен доцент, білгір оқытушы Ақзия Әділқызы сабақ берсе, әлеуметтану пәнінен көп жылдық білім тәжірибесі бар ұстаз, философ Тастаев Кеңес ағай дәріс өткізеді. Сондай-ақ, тарих пәнінен сабақ беретін тарих ғылымдарының магистрі Гүлфия Юсупқызы да білгір ұстаздардың бірі. Ал бізге біліммен қатар мәдениеттілікті қатар үйретіп, жоғары біліктілікке тәрбиелеуші университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Түймеш Малбағаровнаны ерекше атап өтуге болады. Мен осындай 80 жылдық тарихы бар үлкен оқу орнына түскеніме өзімді бақытты сезінемін.  Мұнда студенттер белсенділігі үшін көптеген жастар бірлестіктері мен ұйымдары жұмыс жасайды. Басқа  студенттер секілді мен де университет келешегіне өз үлесімді қосқым келеді. Университетте кітапхана қоры жақсы қамтылған, компьютерлік сыныптар жұмыс істеуде. Спортпен айналысқысы келетін студенттер үшінде бар жағдай жасалған. Мен өз университетіммен мақтанамын.

скачать отчет

  

Brandbook

 

brendbook

EDU NEWS

ҚР БҒМ ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал МОН РК

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

 

175-Abai

Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл

 

Сауалнама - Анкета

 

Есіңде болсын! - Помните!

Жалған хабарлама жауапкершілігі...

stop-teror

За анонимные сообщения...

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

3D-musei

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

БУДЬ НА СВЯЗИ