Абай әлеміне саяхат

    29.01.Абай 175 Абай өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастарды табу мақсатында  29 қазан күні Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-де ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «ABAI quest» ойыны өтті. Оған университетіміздің 6 факультетінің 6 студентінен құралған «Жас қыран», «Жібек», «Комета», «Білімгер», «Самғау», «Болашақ» командалары қатысып, бақ сынады.Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен шарада сайыскерлер алдымен топтың атауы, ұранын таныстырып өтті. Келесі кезеңде қатысушылар Абайдың әндерін орындап сынға түсті. Үшінші бөлімде  олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, төртінші кезеңде ағартушының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Сондай-ақ, ойын барысында үміткерлерге Абайды зерттеу еңбектері бойынша да сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.Ойынға қатысушылардың жұмысын бағалап, жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының шешімімен Мәдениет және өнер факультетінің «Жібек» командасы жүлделі 1-орынды иемденсе, 2-орын Филология факультетінің «Самғау» командасына бұйырды. Ал Жаратылыстану-география факультетінің «Комета» командасы үздік үштікті түйіндеді. Ойын жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында қатысушылар Абай ескерткішіне барып, естелік суретке түсті.

                                                                                                                                           Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                                             «Өркен» газеті

    Brandbook

    Брендбук (англ. brand book) — официальный документ компании, в котором описывается концепция бренда, ...

    Сборник статей

    1150 лет со дня рождения Аль-Фараби

    Сборник статей

    175 лет со дня рождения Абая Кунанбаева

    Экологический мониторинг

    комплексные наблюдения за состоянием окружающей среды, ...

     

    Волонтёр

    – это человек, который добровольно оказывает безвозмездную помощь людям, ...

     

    Сауалнама - Анкета
    Есіңде болсын! - Помните!

     

     

    Наш адрес

    Республика Казахстан, г.Уральск, пр. Н.Назарбаева 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..

    Будь на связи