Жаксыгалиева Альфия

Тағылымдамадан жемісті оралған магистранттар

 

2013 жылдың мамыр айының 13 мен 23 аралығында М.Өтемісов атындағы  БҚМУ «Педагогика және психология» мен «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарының  1 курс магистранттары  Ресей  Федерациясы  Орынбор  қаласында,  Орынбор мемлекеттік университетінде «Методология научного исследования» атты  тағылымдамадан  өтті. 

 

«Педагогика және психология» 

мамандығының 1 курс магистранты А.С.Жаксыгалиева

 

ogu 1Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен  білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық- бір үлкен зарарлы надандық. Абай  атамыз айтқандай  өзгермелі ғаламда  ғылым, білім, тағылымдама алуға мүмкіндік беріліп отырғанда  ол мүмкіндікті пайдаланбау ағаттық екенін ескерген,  ғылым жолына бет алған магистранттар Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы, Орынбор мемлекеттік университетінде  ғылыми тағылымдаман өтті. Тағылымдама өту барысында «Жалпы педагогика» кафедрасының профессоры Назаров Николай Васьеливич, «Теория и методология научного исследования», «Акмеология. Акмеологическая грамотность. Акмеологическая культура».  «Жалпы тұлғаның педагогика және психологиясы» кафедрасының доценті Ветлугина Фатима Ахатовна, «Поликультурное воспитание. Воспитание поликультурной личности на региональном материале», «Полиязычие». «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті Логутова Елена Владимировна, «Процесс самопознания у младших школьников», «Психосоматические расстройства». «Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Гараева Екатерина Александровна, «Здоровьесберегающие технологии в образовании». «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті Карымова Оксана Сергеевна, «Сказкотерапия как форма организации психологического консультирования». Ертегітерапияның  жаңалықтарымен, кіші мектеп оқушысынан,  азамат пен азаматшаларға оқылатын ертегілер туралы мәлімет берді, тәжірибелер талданды. Дәрістер жан-жақты қамтылған, ақылға оңай түйілетін әрбір магистранттың көңілінен шыға білді. «Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Гладких Валентина Григорьевна,  «Формирования компетентностей» атты дәрістерді  тыңдап, дәріс   барысында  пікір алмасу жұмыстары жүргізілді. Дәрістер  лекторлар тарапынан  тиянақты дайындалып, тақырып өзектілігі   ашылып  дәрістегі негізгі ой жеткізілді.

ogu 2Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын,  оны соғұрлым жақсы     көресің  деп  ақын жазушылар айтқан болатын. Білім, ғылым нәрімен сусындап  жүрген магистранттар  осы   пікірлерді   назарға ала отырып  Орынбор  мемлекеттік  университетінің кітапхана қорымен, ресей ғалымдарының диссертациялық жұмыстарымен танысты. Н.К.Крупская атындағы Орынбор ғылыми  универсал  кітапханасында   диссертациялық жұмыстары бойынша    нәтижелі  жұмыс  жүргізілді.

ogu 3Орынбор қаласы тарихқа бай, көненің көзіндей сақталған ғимараттар адам жанын тамсандырмай қоймайды. Оқу, ғылыммен қатар магистранттар  рухани азық алып, қаланың мәдени ошақтарымен етене танысты. Мысалы Орынбор қаласындағы Горький атындағы Орынбор драматеатрымен, Музыкалық комедия театрымен, Оренбургский облыстық  көркем өнер мұражайымен, Орынбор губерниясының тарихи - өлкетану мұражайымен танысып,  естелік суреттерге түсті. Орынбор қаласында жүзден астам ұлт тұратын көп ұлтты қала, қалада көп қоныстанған халықтардың мәдениетімен таныстыратын «Ұлттық саябақтыңда» әдемі көрінісін тамашалады. 

Диссертациялық жұмыстармызға қажетті мәліметтер алуға, рухани өсуге алуға  мүмкіндік берген  университет ректоратына алғысымыз шексіз.

 

 

БАЗЫ ДАННЫХ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

БУДЬ НА СВЯЗИ